«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 232 қаулысына 3-қосымша) (күші жойылды)

Түркістан облысы әкімдігінің

2019 жылғы 15 қазандағы

№ 232 қаулысына 3-қосымша

 

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 11 ақпандағы № 34 Қаулысымен күші жойылды

 

«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Стандарттың қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған қағаз түріндегі (еркін нысанда) немесе электрондық құжат нысанындағы тіркеу туралы хабарлама (талон).

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.