ҚР СТ 3887-2023 «Өсімдік текті объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар»

ҚР СТ 3887-2023

 

Өсімдік текті объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу

Терминдер мен анықтамалар

 

Мазмұны

 

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Терминдер мен анықтамалар

Библиография

 

 

 

1. Қолданылу саласы

 

Осы стандарт өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу саласындағы терминдер мен анықтамаларды белгілейді.

 

 

2. Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартта нормативтік сілтемелер жоқ.

 

 

3. Терминдер мен анықтамалар

 

Осы стандартта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:

3.1. Қос жарнақты жапырақтардың эпидермасындағы актиноцитті немесе сәулелі жасушалы - лептесіктерді қоршап тұрған жанама жасушалар, оған радиалды түрде созылады, бірақ ұзындығы бойынша бір-біріне жақын орналаспайды, сондықтан олардың сыртқы көрінісі дұрыс шеңбер құрмайды [1].

3.2. Лептесіктердің болуына (болмауына) байланысты эпидермадағы амфистоматикалық жапырақтар - жапырақ тілімшесінің екі жағындағы эпидермадағы лептесіктер [1].

3.3. Лептесіктердің және олардың айналасындағы жасушалардың анизоцитті өзара орналасы - жасушалары бірдей емес; бұрын - круцифероидты; лептесіктер үш жанама жасушалармен қоршалған, оның біреуі басқаларына қарағанда едәуір кіші [1].

3.4. Лептесіктердің және олардың айналасындағы жасушалардың аномоциттік өзара орналасуы - ретсіз жасушалар; бұрын - ранункулоидты; лептесіктерді қоршап тұрған жасушалар басқалардан еш айырмашылығы жоқ; жанама жасушалар жоқ [1].

3.5. Ауа саңылаулары - кейбір өсімдіктердің эпидермасындағы лептесіктердің болмауы, олардың орнына бір-бірімен түйісетін талшықтармен қоршалған кең саңылаулар болады.

3.6. Эпидерма кешенінің жабынды жасушаларының пішіні қабырғаларының толқынды кескіні - әр жақтың қабырға сызығы - ұзындығы мен қисықтығы бойынша шамамен бірдей доғалардың тіркесімі [1].

3.7. Жабынды жасушалар аймағының ұзартылған проекциялары - күрделі көріністеде, егер бойлық ось көлденең осьтен екі есе немесе одан да көп болса [1].

3.8. Қос жарнақты жапырақтардың эпидермаларындағы гетероциттер - бір жанама жасуша басқа лептесік маңындағы жасушалардан кішкентай мөлшерде күрт ерекшеленеді [1].

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.