«Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 276 Қаулысы (күші жойылды)

Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 276 Қаулысы

 

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 299 Қаулысымен 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Жидехановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шалқар ауданы әкімі орынбасары

Ж. Жидеханов

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Н. Қоблашова

« » қараша 2019 жыл

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.