2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 490 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33613 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларының 45-тармағының тоғызыншы бөлігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2023 жылғы 28 қыркүйектегі отырысының хаттамасына және Республикалық бюджет комиссиясының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 14 хаттамасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама бекітілсін.
2. 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулерге мынадай ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша конкурс өткізілсін: «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту», «Қазақстандық КТМ материалтану токамагындағы эксперименттік зерттеулерді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету», «Қазақстанның үдеткіш кешендері негізінде ядролық және радиациялық физика саласындағы кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту», «Қазақстан экономикасын инновациялық жаңғырту үшін ядро-физикалық әдістерді және техно логияларды дамыту».
3. Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша конкурстық рәсімді өткізсін.