«Әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 522 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 185 Қаулысы (күші жойылды)

Әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 522 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 185 Қаулысы

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 2 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 522 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6063 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады - 30 (отыз) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - құжаттар топтамасын қабылдау және тіркеу.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда өтінішті қабылдаудан бас тартады - 30 (отыз) минут;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.