«Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 198 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 86) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесіне:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: