«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1-н/қ нормативтік қаулысы

«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1-н/қ
нормативтік қаулысы

 

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 тіркелген, 2016 жылы 11 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы нормативтік қаулыға 6-қосымшаға сәйкес 900. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;»;

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылары құжаттарды тұрақты түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне тексеру жолымен сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.»;

7-тармақ алып тасталсын;

6-қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.