«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-VІ Заңы

Предыдущая страница

 

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы

бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға

арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»

2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңына

2-қосымша

 

 

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға арналған қаражат

 

мың теңге

 

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы

бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға

арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»

2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңына

3-қосымша

 

 

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға арналған қаражат

 

мың теңге

 

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы

бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға

арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»

2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңына

4-қосымша

 

 

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге арналған (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) қаражат

 

мың теңге

 

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы

бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға

арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»

2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңына

5-қосымша

 

 

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға арналған қаражат

 

мың теңге

 

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы

бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға
арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»

2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңына

6-қосымша

 

 

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, мемлекеттік гранттарға кепілдік беру және оларды ұсыну түрінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған қаражат

 

мың теңге

 

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы

бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға

арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»

2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңына

7-қосымша

 

 

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат

 

мың теңге

 

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы

бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға

арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»

2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңына

8-қосымша

 

 

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған жұмыспен нәтижелі қамтамасыз етуге және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаражат

 

мың теңге

».

 

55. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар):

55-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

1) 43-1 және 43-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«43-1-бап. Салық кодексінің 505-бабы 1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«1. Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:

 

».

43-2-бап. Салық кодексінің 510-бабы 1-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2018 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган 1 маусымнан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;

55-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2) мынадай мазмұндағы 43-3-баппен толықтырылсын:

«43-3-бап. Салық кодексінің 529-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:

 

»;

55-тармақтың 3) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

3) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«44-бап. Мыналар:

55-тармақтың 3) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1. Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

«2. Радиобайланыстың мынадай түрлері үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 

»;

55-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2) Салық кодексінің 595-бабы 3-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

«3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 

»;

55-тармағы 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

4) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:

«57-1-бап. Салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жеке шотындағы бересі сомасын 2018 жылғы 1 қазан - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде төлеген жағдайда салықтық берешек деп танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мыналар есептен шығаруға жатады деп белгіленсін:

1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазаннан бастап, төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейінгі кезеңде көрсетілген бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша есептен шығарылады;

2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша жеке шотындағы айыппұл сомасы.

Өсімпұлдар мен айыппұлдардың осы бапта көзделген есептен шығарылуы салық төлеушінің төлеу мерзімі 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін толық көлемде мерзімінен бұрын орындау жағдайларына қолданылады.

Осы баптың ережелері:

1) ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын;

2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын осындай пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануды;

акцизделетін өнім өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге;

3) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асыруға байланысты түзілген салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қолданылмайды.».

2-бап. Осы Заң:

1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 5) тармақшасын;

2) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 55-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының бірінші, екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын;

3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 55-тармағы 3) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын және 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

    Президенті

 

 Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы желтоқсанның 28-і

          № 210-VІ Заңы