«Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 692 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6690 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 2-тармағына сәйкес, авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.