Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 219 бұйрығы
(2026.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Көлік министрінің м.а. 2026.15.09. № 249 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына және 56-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Iшкi су көлiгiнде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Iшкi су көлiгiнде жүктердi тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін.