«Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1129 Қаулысы

«Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1129 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) депозитор (салымшы) – Қазақстан Республикасының резиденті және бейрезиденті болып табылатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектісі, жекеше нотариус, адвокат, кәсіби медиатор;»;

3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өтемақы (сыйлықақы) төлеу өтелетін депозиттер бойынша жүзеге асырылады.

Өтемақы төлеу мынадай депозиттер бойынша жүзеге асырылмайды: талап етілгенге дейінгі салымдар, шартты салымдар және ағымдағы банктік шоттар. Депозиторға (салымшыға) өтемақы (сыйлықақы) төлеу әрбір қатысушы банкте 20000000 (жиырма миллион) теңге шегінде 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша қолданыста болған өтелетін депозиттегі ақша сомасына жүзеге асырылады.

Депозиторда (салымшыда) бір қатысушы банкте біреуден артық өтелетін депозит болған кезде өтемақы (сыйлықақы) төлеу осындай қатысушы банктегі өтелетін депозиттерде 20000000 (жиырма миллион) теңге шегіндегі жалпы ақша сомасына жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.