«Кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсыну қағидасын, Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасын және кедендік аумақта (аумақтан тыс) және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 168 бұйрығы (күші жойылды)

Кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсыну қағидасын, Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасын және кедендік аумақта (аумақтан тыс) және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 168 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 173 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 30, 58, 353, 364 және 377-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.