Қазақстан Республикасының
Заңы
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы
(2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдардың, ауылдық», «ауылдың, ауылдық», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) адьюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдің әскери оқу орындарында білім алып жатқан, офицерлер мен сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшісі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер - осы Заңда айқындалатын мерзiмге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына (бұдан әрi - Қарулы Күштер) әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;