«Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м. а. 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығына 1-қосымша) (2019.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

міндетін атқарушының

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 18-03/390 бұйрығына

1-қосымша

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 286 бұйрығымен күші жойылды

 

 

«Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық

 аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.10.03. № 110 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.