«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 78 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тозуды есепке жазудың тікелей әдісін қолдануды;»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Уәкілетті органның ведомствосы субъект ұсынатын тариф және тарифтік смета жобаларын жария тыңдаулар өткізу кезде талқылауға шығарады.
Жария тыңдауларды уәкілетті орган тарифті бекіту кезінде – тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, тарифті оңайлатылған тәртіппен бекіту кезінде, сондай-ақ тарифті Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес бекіткен кезде және Заңның 22-бабының 1-тармағының 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізеді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Тарифті жоғарылатпай бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішке тарифті жоғарылатпай енгізілетін өзгерістер ескерілген тарифтік сметаның жобасы және өзгерістер енгізудің қажеттілігін негіздейтін және растайтын материалдар (шарттардың, орындалған жұмыстар/қабылдап алу-беру актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелері, теңгерімдік және қалдық құнды, жұмыс істеу мерзімін, жылдық амортизацияны, есептемелерді көрсете отырып, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесі) қоса беріледі.