«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2022 - 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 715 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.
2. Қоса беріліп отырған «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 - 2026 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 715 қаулысымен
бекітілген
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
2022 - 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Нұр-Сұлтан қ., 2022 жыл
Мазмұны
1-бөлім. Бағдарламаның паспорты
3-бөлім. Университет бүгін: ағымдағы жағдайды талдау
4-бөлім. Мақсат, міндеттер және оларға қол жеткізу жолдары
3-міндет. Ғылымның, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту
4-міндет. Адами және әлеуметтік капиталды дамытуға үлесті арттыру
5-бөлім. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін тиімділік пен нәтиже