«Кешенді экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына 6-қосымша) (2019.04.03. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Энергетика министрінің 2019.04.03. № 70 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 22 мамырдағы

№ 369 бұйрығына 6-қосымша

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығымен күші жойылды

 

«Кешенді экологиялық рұқсатты беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.04.03. берілген толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Кешенді экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген) «Кешенді экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаздық және (немесе) электрондық түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - кешенді экологиялық рұқсатты беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

 бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Стандарттың 9-тармағына бекітілген құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.