«Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында:
8, 9, 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бірыңғай дерекқор мынадай ақпаратты қамтиды:
1) тәуекелдерді басқару жүйесіне енгізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі;
3) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудит объектісіндегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша материалдар тізімдемесін қоса бере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудит бағдарламасы, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелері;