3) тәжірибелік пайдаланудың аяқталуы туралы актіні ресімдеуді қоса алғанда, жүзеге асырылады.
Тәжірибелік пайдалануды өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
2. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
87-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру уәкілетті орган мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қатысуымен тәжірибелік пайдалану оң аяқталған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезінде:
1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды сақтау;
2) цифрлық ресурстар істен шыққан немесе бүлінген жағдайда оларды сақтау, қорғау, қалпына келтіру;
3) цифрлық ресурстарды резервтік көшіру және олардың уақтылы жаңартылып отыруын бақылау;
4) мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне жолданымдар туралы мәліметтерді автоматтандырылған есепке алу, сақтау және мерзімдік архивтеу;
5) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін сүйемелдеу;
6) «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымын техникалық қолдау;
7) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
8) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (алып тастау);
9) өнім берушінің кепілдік мерзімі кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісіне кепілдендірілген қызмет көрсетуі. Кепілдендірілген қызмет көрсету «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімде қамтамасыз етіледі.
88-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін модификациялау
1. Модификациялаудың жиынтық құны мемлекеттік инвестициялық жобаны құру кезінде онда белгіленген «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің бастапқы сметалық құнының жиырма пайызынан аспайтын жағдайда, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін модификациялау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес инвестициялық ұсынысты немесе бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеуді талап етпейтін жұмыстарға жатады.
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін модификациялау мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылуы мүмкін:
1) модификациялаудың техникалық тапсырмаға немесе техникалық тапсырмаға толықтыруларға сәйкестігі;
2) жүргізілетін жұмыстардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;
3) уәкілетті органның модификациялауды жүргізуге келісімінің болуы.
89-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін одан әрі пайдалану қажеттілігінің болмауы цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес цифрлық объектілердің архитектуралық порталында «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға және ол туралы мәліметтерді өзгертуге алып келеді.
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін одан әрі пайдалану қажеттілігінің болмауы туралы шешімді «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісі интеграцияланған цифрлық объектілердің меншік иелерін және (немесе) иегерлерін хабардар ете отырып, уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иесі және (немесе) иегерлері қабылдайды.
90-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін архивтеу және есептен шығару
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық жазбалары, техникалық құжаттамасы, бастапқы кодтары және (немесе) цифрлық объектісі «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес архивтеуге жатады.
2. Бұрын құрылған цифрлық объект «цифрлық үкімет» платформасында әзірленген және оның бүкіл функционалын (немесе одан көп) іске асыратын платформалық бағдарламалық өнімдермен ауыстырылған жағдайда, мұндай цифрлық объект есептен шығарылуға жатады.
3. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін есептен шығару уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иесі қабылдаған шешім бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
91-бап. «Цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілері
1. Ерекше архитектуралық және технологиялық сипаттамаларға ие, оларды жобалауға, әзірлеуге, жаңғыртуға, енгізуге, интеграциялауға және пайдалануға арнаулы талаптарды белгілеу қажеттілігін белгілейтін «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері «цифрлық үкіметтің» технологиялық күрделі цифрлық объектілеріне жатады.
2. «Цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган айқындайды.
3. «Цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін құру және дамыту ерекшеліктері Қазақстан Республикасының цифрлық және бюджет заңнамасымен реттеледі.
92-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілерін құру және дамыту тәртібі
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттерін іске асыруға арналған цифрлық объектілер мынадай тәртіппен құрылады немесе дамиды:
1) цифрлық объектіні құру немесе дамыту туралы шешім қабылдау;
2) цифрлық объектіні құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы әзірлеу;
3) цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға не бюджет қаражатын бөлмей жұмыстарды жүзеге асыруға техникалық ерекшелік пен есеп-қисаптарды әзірлеу;
4) цифрландыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру не бюджет қаражатын бөлмей жұмыстарды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттарға сәйкес цифрлық объектіні әзірлеу, тәжірибелік пайдалануды жүргізу, ендіру, өнеркәсіптік пайдалануға беру.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған шығындар арнаулы сараптамалық кеңестің (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің дербес) қорытындысы негізінде жоспарланады.
16-тарау. ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ
93-бап. Цифрлық трансформациялау
1. Цифрлық трансформация - басқару мен қызметтер көрсетудің тиімділігін, ашықтығын, проактивтілігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды, архитектуралық және платформалық шешімдерді, деректерді талдауды және жасанды интеллектіні ендіруге негізделген жүйелі өзгерістер процесі.
2. Цифрлық трансформациялау мыналарға бағытталған:
1) процестер санын азайту есебінен цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау арналарын жетілдіру;
2) деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетілетін қызметтерге барынша ауыстыру;
4) цифрлық ортадағы құқықтар мен дербес деректерді қорғауды сақтай отырып, цифрлық объектілердің қолжетімділігін, ақаулыққа төзімділігін және инклюзивтілігін қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері ішкі процестерді қоса алғанда, өз қызметін цифрлық трансформациялау бағдарламаларын міндетті түрде әзірлейді, бекітеді және іске асырады.
4. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялау цифрлық инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуды және «цифрлық үкімет» архитектурасы негізіндегі платформалық шешімдерге ауысуды қамтиды және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
94-бап. Цифрландыру саласындағы ұлттық даму институты
1. Цифрландыру саласындағы ұлттық даму институтын цифрлық ортаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Цифрландыру саласындағы ұлттық даму институты:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
2) цифрландыру саласында талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді, сондай-ақ цифрландыру саласында ұсынымдар береді;
3) цифрландыруды дамыту мақсатында халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен ынтымақтасады;
4) цифрландыру саласын дамытуды талдауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1. Цифрлық даму индексі - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық технологияларын ендіруге, пайдалануға және дамытуға институционалдық, технологиялық және процестік дайындық деңгейін көрсететін кешенді көрсеткіш.
2. Цифрлық даму индексі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде жыл сайынғы негізде айқындалады.
3. Цифрлық даму индексін айқындау әдістемесін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
6-БӨЛІМ. ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
17-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
96-бап. Цифрландыру саласындағы, сондай-ақ электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға қатысты «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның құрылымына кіретін ұйымдарға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
1. Киберқауіпсіздік - цифрлық объектілердің құпиялылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзудан қорғалу жағдайы.
2. Цифрлық объектілерді қорғауды цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері жүзеге асырады.
3. Цифрлық объектілерді қорғау шаралары «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, цифрландыру мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
98-бап. Цифрлық деректерді қорғауды қамтамасыз ету
1. Цифрлық деректерді қорғау киберқауіптердің алдын алуға, анықтауға және жоюға бағытталған техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де шаралар жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
2. Техникалық қорғау құралдарына ақпаратты криптографиялық және өзге де қорғау құралдары жатады.
3. Техникалық қорғау құралдарын қолдану, оларды сертификаттау және сәйкестігін бағалау тәртібі Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасында айқындалады.
99-бап. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау және аудит
1. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау міндетті түрде немесе цифрлық объектінің меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
2. Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін міндетті сынауға жататын цифрлық объектілер, сондай-ақ оларды өткізу тәртібі «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
3. Цифрлық объектілердің меншік иелерінің және (немесе) иегерлерінің бастамасы бойынша киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау осы Кодекске, «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
4. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аудит, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, олардың меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
100-бап. Цифрлық объектілердің сапасына аудит
1. Цифрлық объектілердің сапасына аудит олардың функционалдығы мен цифрлық архитектурасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
2. Цифрлық объектілерді құру, ендіру және пайдалану кезеңінде цифрлық объектілердің меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша цифрлық объектілердің сапасына аудит жүргізілуі мүмкін.
3. Цифрлық объектілер сапасының аудитін арнаулы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар тәуелсіз жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
4. Жасанды интеллект жүйелерінің сапасына аудит жасанды интеллект модельдерін оқыту үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасын және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын, сондай-ақ «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің бар-жоғын бағалау ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалған орындаудағы цифрлық объектілердің сапасына аудит жүргізілмейді.
18-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, ҚАҒИДАТТАРЫ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
101-бап. Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары
Цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаттары деп Қазақстан Республикасы мен өзге де мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың цифрлық технологияларды дамыту мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарына өзара көмек және үйлестіру танылады.
102-бап. Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының қағидаттары
1. Басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық өзара құрмет, сенім, өзара көмек, ымыраға келу, кемсітпеу, бір-бірінің істеріне араласпау, қабылданған халықаралық міндеттемелерді уақтылы орындау, дауларды бейбіт жолмен шешу қағидаттарына негізделеді.
2. Мемлекет инвестицияларды тарту және цифрлық ортадағы қызметті ұйымдастыруға арналған нарықтық тәсілдер негізінде заманауи цифрлық технологияларды ендіру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша күш-жігер жұмсайды.
103-бап. Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттары:
1) цифрлық технологияларды құру, ендіру және дамыту;
2) цифрландыруды ендіруге кедергі келтіретін реттеушілік кедергілерді жою;
4) киберқауіптер мен киберқылмысқа қарсы күрес;
5) цифрлық алаяқтықпен күресу.
19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
104-бап. Цифрландыру саласындағы дауларды шешу тәртібі
Цифрландыру саласындағы дауларды шешу Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес реттелуге жатады.
105-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2. Әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту кінәлі адамдарды жіберілген бұзушылықтарды жою міндетінен босатпайды.
106-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі және өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 9 қаңтар
№ 255-VIII ҚРЗ