Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығы
(2025.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.12.05. № 346 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.12.05. № 346 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б.Әбсаттаров):
1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік органдар интранет-порталында (МОИП) орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.