«Оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 101-132-қосымшалары (2023.19.07. берілген өзгерістермен)

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.05.07. № 199 бұйрығымен 101-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2022 жылғы 16 қыркүйектегі

№ 399 бұйрығына

101-қосымша

 

 

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

10-11-сыныптарына арналған «Неміс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

2. Оқу пәнінің маңыздылығы, оның коммуникация, ғылым, бизнес, туризм және спорттық тілі болып табылатынымен белгіленеді. Неміс тілін білу:

1) білім алушылар әртүрлі тіршілік ету жағдаяттарындағы қарым-қатынаста сенімділіктерін арттырады;

2) Қазақстанда ғана емес, шет елдеде жоғары білім алуға мүмкіндік береді;

3) Қазақстанда және шет елде кәсіптік білім алуды жалғастыруға мүмкіндік береді;

4) білім алушылар неміс тілінде таратылатын жаңалықтар мен ақпарат алуға мүмкіндігін кеңейтеді;

5) білім алушылар неміс тіліндегі әдеби туындылардың тұпнұсқалық мәтіндерімен танысуға мүмкіндік алады;

6) білім алушыларға Қазақстанды өз елінде және шет елдерінде танытуға мүмкіндік алады;

7) мектепте қалыптасқан дағдыға, оқыту және білім стратегиясына сүйеніп өмір бойы оқуға мүмкіндік алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.