(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ...

Осы редакция 2021 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2020 жылғы 30 мамырдағы

№ 323 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау»

мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ұсынады, осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді. «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет стандарты).

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтерге арналған стандартта көрсетілген.

5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар алынған күні тіркейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.