«Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 202 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 378-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердің, елдің стратегиялық даму бағыттарымен өзара байланысты бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін бюджеттік мониторингтеу және талдау нәтижелерінің деректері есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау үшін негіз болып табылады.

3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп есепті қаржы жылында жүргізілген республикалық бюджеттің түсімдері және шығыстарын қаржыландыру жөніндегі барлық операцияларды көрсетеді.

Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджеттердің көрсеткіштерін көрсетеді.

Түзетілген бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және өзге нормативтік құқықтық актілер негізінде бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруін ескереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.