«Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 357-од бұйрығы

Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 357-од бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу» қағидасының 25, 26, 40, 41-тармақтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу және метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссиясының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 12 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. ҚР СТ «Шыны композиттен жасалған профильдер. Техникалық шарттар» Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бекітілсін және қолданысқа енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасының мынадай ұлттық стандарттары:

ҚР СТ ISO/IEC 17021-2 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 2-бөлім. Қоршаған орта менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар»;

ҚР СТ ISO/IEC 17021-3 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 3-бөлім. Сапа менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар»;

ҚР СТ ISO/IEC 17021-10 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 10-бөлім. Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» 2019 жылғы 1 қарашадан бастап бекітілсін және қолданысқа енгізілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.