«Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 21/10 Қаулысы (күші жойылды)

Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 21/10 Қаулысы

 

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 37/01 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, көшпелі саудаға арналған орындарды анықтау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында көшпелі саудаға арналған орындар анықталсын.

2. Қарағанды қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) «Көшпелі сауда туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі № 34/03 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-98 болып тіркелген, 2009 жылғы 15 қыркүйекте № 109 «Индустриальная Караганда», 2009 жылғы 15 қыркүйекте № 140 «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған);

2) «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында көшпелі сауда орындарын анықтау туралы» 2012 жылғы 22 мамырдағы № 25/08 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-157 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 шілдеде № 82 (21246) «Индустриальная Караганда», 2012 жылғы 10 шілдеде № 112 (21318) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.