«Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 76 бұйрығы

 «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 76 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Мерзімді аттестаттаудың қорытындысы бойынша мынадай сыныптылық беру жүргізіледі:

1) «3-сыныпты құтқарушы маман» құтқарушы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі;

2) «2-сыныпты құтқарушы маманы» 3-сыныпты құтқарушы маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі;

3) «1-сыныпты құтқарушы маманы» 2-сыныпты құтқарушы маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.