Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 367 бұйрығы
(2025.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023.22.12. № 697 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 167) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.