«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 614 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 521-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде (бұдан әрі — Республикалық деректер банкі) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есепте тұрған (бұдан әрі — орталықтандырылған есепке алу) балаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге асырап алуға беру тәртібін айқындайды.»;
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) баладан бас тартқан;»;
«4) туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратын шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында асырап алуы осы Кодексте шетелдіктер үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: