Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 606 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 294 бірлескен бұйрығы
«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) туралы ереже;
2) Комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарларына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 550 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 235 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.