(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛ...

Педагогтерді аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 87 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 4 және 33-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтердің және республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтердің және республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерінің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау үшін сараптамалық кеңес құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (З.Ә. Байменова) және Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Е.Г. Жүнісов):

1) республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерінің және «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерінің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау үшін олардың портфолиосын сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестердің жұмысын;

2) республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерінің және «педагог-шебер» біліктілік санатқа үміткер педагогтерінің біліктілік санаттарын беру жөніндегі аттестаттау комиссияларының отырысын ұйымдастырсын.

3. Мыналардың:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.