ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
53-баптың 1-тармағы 11) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзіндік ерекшелігі бар тауарлар саласындағы бақылау;».
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 162-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «қырып-жою» деген сөз «жою» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 163-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «қырып-жою» деген сөз «жою» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 255-баптың үшінші бөлігінің 1) тармағындағы «қырып-жою», «адамдарды жаппай қырып-жоюға» деген сөздер тиісінше «жою», «адамдардың жаппай қырылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 275-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«275-бап. Жаппай жою қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылатын технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты және импорты
Жаппай жою қаруын, оны жеткізу құралдарын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін және оларға қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау белгіленген технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты және импорты -»;
5) 286-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:
«қырып-жою» деген сөз «жою» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жабдықтарды немесе құрауыштарды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жаппай жою қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы жеткізу құралдарын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін, оларға қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау белгіленген материалдар мен жабдықтарды» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 290-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «қырып-жою» деген сөздер «жою» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 291-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «қырып-жою» деген сөздер «жою» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне:
187-баптың бірінші бөлігіндегі «қырып-жоятын» деген сөздер «жоятын» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 129-баптың 12-тармағы 7) тармақшасындағы «бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «бақылау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.»;
2) 138-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында;».
5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 2-баптың 2-тармағының 13) тармақшасындағы «экспорттық бақылау» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 1-тармағының 55) тармақшасындағы «экспорттық бақылау» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «экспорттық бақылау» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 12-баптың 2-тармағының 20) тармақшасындағы «экспорттық бақылауды» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 393-баптың 6-тармағында:
«экспорттық,» деген сөз алып тасталсын;
«радиациялық бақылауды» деген сөздерден кейін «, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 402-баптың 5-тармағындағы «экспорттық бақылауға» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
374-баптың 2-тармағындағы «экспорттық бақылау» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 21) тармақшасындағы «қырып-жою» деген сөздер «жою» деген сөзбен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «экспорттық бақылауға жататын мәлімделмеген өнімнің» деген сөздер «мәлімделмеген өзіндік ерекшелігі бар тауардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
30-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «қырып-жою» деген сөздер «жою» деген сөзбен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 4-тармағы «фитосанитариялық бақылауды» деген сөздерден кейін «және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 30) тармақшасындағы «қырып-жою» деген сөз «жою» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 30-баптың 3-тармағындағы «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің» деген сөздер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 32-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің» деген сөздер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Экспорттық бақылау туралы» деген сөздер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 34-баптың 9-тармағындағы «экспорттық бақылауға жататын өнімнің» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 37-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінің бақылау тізімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін негізге ала отырып, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекітеді.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына және экспортына лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар, лицензия осындай растауды алғаннан кейін берілетін импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығының тексерілгендігін растауды алу қажет болатын жағдайды қоспағанда, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.»;
3-тармақтағы «экспорттық бақылауға жататын, Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, өздеріне қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға немесе өнімге» деген сөздер «Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, өздеріне қатысты лицензиялау енгізілген өзіндік ерекшелігі бар тауарларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың төртінші бөлігіндегі «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің» деген сөздер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 1-қосымшада:
51-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«