«Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 591 бұйрығы

 «Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 591 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киім үлгілерінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет) мыналар кіреді:

1) сұр түсті берет;

2) қою көк түсті пиджак;

3) сұр түсті белдемше;

4) жеңі ұзын ақ түсті жейде;

5) жеңі қысқа ақ түсті жейде;

6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;

7) қою көк түсті тері күрте;

8) қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;

9) сұр түсті кашне;

10) қара түсті жылы етік;

11) қара түсті туфли;

12) сұр түсті шалбар.

2-сурет.

Ескертпе: 1 - күнделікті форма; 2 - жазғы форма; 3 - қысқы форма; 4 - шалбары бар күнделікті форма.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Ерлер мен әйелдерге арналған май және су сіңдірмейтін және жарыққа шағылысатын элементтері бар сары түсті мақта матадан жасалған сигналдық кеудеше (3-1-сурет):

3-1-сурет

Ескертпе: 1 - алдыңғы бөлігі; 2 - арқасы.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.