«Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 591 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киім үлгілерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет) мыналар кіреді:
1) сұр түсті берет;
2) қою көк түсті пиджак;
3) сұр түсті белдемше;
4) жеңі ұзын ақ түсті жейде;
5) жеңі қысқа ақ түсті жейде;
6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;
7) қою көк түсті тері күрте;
8) қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;
9) сұр түсті кашне;
10) қара түсті жылы етік;
11) қара түсті туфли;
12) сұр түсті шалбар.
2-сурет.
Ескертпе: 1 - күнделікті форма; 2 - жазғы форма; 3 - қысқы форма; 4 - шалбары бар күнделікті форма.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Ерлер мен әйелдерге арналған май және су сіңдірмейтін және жарыққа шағылысатын элементтері бар сары түсті мақта матадан жасалған сигналдық кеудеше (3-1-сурет):
3-1-сурет
Ескертпе: 1 - алдыңғы бөлігі; 2 - арқасы.»;