(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМ...

Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 124-бабтың 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің Үлгі жарғысы (жалпы ережесі);

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынның Үлгі жарғысы.

2. «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің Үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның Үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 462 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15153 болып тіркелген, 2017 жылы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкте жариялған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.