«Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығы

«Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығы

 

1. «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10916 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы»;

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары бекітілсін»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларында:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында (эксперименттік алаң) эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі - эксперименттік бағдарлама) әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.