(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛ...

Осы редакция 2018 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығымен

бекітілген

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.30.01. № 36 бұйрығымен тақырыпта және барлық мәтін бойынша «ережесі», «ереженің», «ережеге», «ережесіне», «ережеде» деген сөздер «қағидалары», «қағидалардың», «қағидаларға», «қағидаларына», «қағидаларда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу
қағидалары

(2017.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



1. Негізгі ережелер

 

1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары (бұдан әрі - қағидалары) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013.29.08. № 360 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.13.05. № 318 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

2. Осы қағидаларда мынадай анықтаулар пайдаланылған:

1) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі;

2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.