«Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 280 бұйрығы

 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 280 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамддар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларында:

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жеке көмекші қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде портал арқылы жүзеге асырады. Жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты осы Қағидаларға 3-1-қосымшамен көзделеді.»;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Өтініш беруші порталда жеке көмекші қызметіне тапсырысты ресімдейді және оны өнім берушіге жібереді.»;

37-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өнім беруші тапсырысты қабылдау туралы хабарландырумен бір мезетте өтініш берушіге және жұмыспен қамту қалалық басқармасына немесе бөліміне жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсетудің үлгілік шартын қол қоюға жібереді.»;

мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.