(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН Қ...

Осы редакция 2016 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

29-қосымша

 

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.29.01. № 68 бұйрығымен  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 «Оралман мәртебесін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2016.29.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық топтамасын тіркеген сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;

құжаттар топтамасын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін курьермен жеткізуді қамтамасыз ету үшін аудандық (қалалық) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде өтініш білдірген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті берушіде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 мин;

3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 20 мин.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.