«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 19 маусымдағы № 235 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өрттен болған материалдық шығын - жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкіне, өзге де негізгі қорларына, айналымдағы қаражатына, жеке мүлкіне келтірілген залалды қоса алғанда, егер олар өртке тікелей байланысты туындаған болса, жойылған және бүлінген материалдық құндылықтардың құндық мәні;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) тұтану - жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекет мүдделеріне материалдық нұқсан келтірмеген, бақыланбайтын жану;»;
7-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардан зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы туралы) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.»;