«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 252 Қаулысы (күші жойылды)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 252 Қаулысы

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 76 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3988 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.