«Сауда саласына инвестицияларды ынталандыру» жобалық кеңсесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 508-НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда «Сауда саласына инвестицияларды ынталандыру» жобалық кеңсе (бұдан әрі - Жобалық кеңсе) құрылсын.
2. Жобалық кеңсе:
1) бір апта мерзімінде Сауда саласына инвестициялар тарту жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
2) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министріне ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Жобалық кеңсенің жұмысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы |
Е. Қазанбаев |
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ 508-НҚ бұйрығына қосымша
«Сауда саласына инвестицияларды ынталандыру»
жобалық кеңсесінің құрамы
| Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев | - | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;
|
| Мейірхан Бұрханбекұлы Төлешов
| - | Ішкі сауда департаментінің директоры; |