«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 157 бұйрығы

«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 157 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

3-тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«43) жылытуға арналған жылу энергиясын тұтынудың есептік нормасы - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 тіркелген) Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларына (бұдан әрі - Үлгі қағидалар) сәйкес уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары есептеген және бекіткен жылыту кезеңінде пәтер алаңының бір шаршы метрін жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормасы (Гкал/м2);»;

3-тармақтың 61) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«61) құзыретті орган - энергетика, темір жол көлігі, газ өндіру, тасымалдау (тасымалдау), сақтау және көтерме өткізу, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және тұтыну, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттік органдар немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;»;

208-86-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.