«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 11 қарашадағы № 219 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 29) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеу», «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерді көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
SUB55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.»;
7, 8 және 8-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде тиісті аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы жоқ спорт түрінен (түрлерінен) жергілікті спорт федерация аккредиттеуге жатады.
8. Спорт федерациясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жартысынан астамының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамытқан жағдайда федерация «ұлттық» деген мәртебемен аккредиттеледі.