(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ КЕЙБІ...

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және «Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығының және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 742 бұйрығы

 

Осы редакция 2026 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9696 тіркелген);

2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 5-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 20004 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.