«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 346 бұйрығы

«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 346 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрі

 

 

М. Карабаев

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2023 жылғы 12 мамырдағы

№ 346 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің міндетін

атқарушының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.