«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 10 наурыздағы № 110 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 74 (28552) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларында:
4-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Егер білім алушының академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, онда білім алушы:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жеке кесте бойынша оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды жинайды немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады;
техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ағымдағы оқу сабақтарымен қатар, жеке кесте бойынша оқу тапсырмаларын орындайды, білім беру ұйымының басшысымен бекітілген оқу жұмыс жоспарында көзделген ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, аралық аттестаттауға рұқсат алады.