(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕПІЛДІ ҚАБЫЛДАУ, САҚТАУ, ӨТКІЗУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ КІРІ...

Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 Қаулысы

(2018.13.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 145-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 21 қарашадағы

№ 1219 қаулысымен

бекітілген

 

 

Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 145-бабына сәйкес әзірленді және кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) кепіл - күдіктінің, айыпталушының, сотталушының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға немесе сотқа олардың шақыртуы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының өзiнің не басқа тұлғаның сот депозитiне ақша не қылмыстық процесті жүргізетін органға құндылықтарды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті енгізуінен тұратын бұлтартпау шарасы;

2) кепіл беруші - күдіктінің, айыпталушының, сотталушының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға немесе сотқа олардың шақыртуы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшін кепіл енгізген күдікті, айыпталушы, сотталушы не басқа да әрекетке қабілетті жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.