(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2014.10.10 № 3-3/...

Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 10 қазандағы

№ 3-3/517 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалау бойынша

нұсқаулық


1. Жалпы ережелер

 

1. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалауды нақтылай түседі.

2. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалау бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.

 

 

2. Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалауды ұйымдастыру

 

3. Ірі қара малды (бұдан әрі -ІҚМ) жыл ішінде бағалайды:

1) бұқаларды жылына бір рет;

2) сиырларды сауым маусымы аяқталғаннан кейін;

3) торпақтар мен асыл тұқымды бұқашықтарды 6 айлық жас шамасынан бастап.

4. Сұрыптаудың нәтижелері бойынша 1 қазан сәтіне есеп әзірленеді.

5. ІҚМ бағалау кезінде малдың кешенді белгілері бағаланады (тұқымдығы, өнімділік сапасы, экстерлік-сыртқы пішін айырмашылықтары).

6. Жануарлардың тұқымдық деңгейін есеп құжаттарына сүйене отырып жануарларды міндетті түрде қарап шығумен және осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасымен берілген тұқымдылық үлесінің түр әлпетінде айқындығын белгілеу арқылы анықталады.

7. Тұқымдығы бойынша таза тұқымды және будандарға бөлінеді.

8. Таза тұқымдылықтарға жатқызады:

1) әке-шешесі бір тұқымнан шыққан жануарларды, олардың таза тұқымдылығына тиісті құжаттар арқылы дәлелденген жағдайда;

2) төртінші (15/16 қанды) буынынан бастап сіңіру будандастыру арқылы алынған, егер оларға тегі бары жөнінде құжаттар бар болса және осы жануарлардың түр әлпеті жақсартушы тұқыммен жақсы үйлесілімділігі айқын болса;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.