«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 681 бұйрығы

«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 681 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай мазмұнда жазылсын:

««Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«1. Осы Камералдық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.»;

3-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасынының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.»;

5-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«5. Камералдық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) Заңның 14-бабы 3) тармақшасының және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңының (бұдан әрі-мемлекеттік сатып алу туралы заң) 16-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен мемлекеттік аудит объектісіне бармастан, тұрақты негізде жүргізеді.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.