Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығы
(2022.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 307-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2022.05.07. № 182 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.16.04. № 99 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.05.07. № 182 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) 4-қосымшаға сәйкес «Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) 5-қосымшаға сәйкес «Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) 6-қосымшаға сәйкес «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7) 7-қосымшаға сәйкес «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8) 8-қосымшаға сәйкес «Республикалық академиялық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;